ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00

Алматы, 2026 жылғы 23 қазанда S & P Global Ratings эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін және «Nomad Life» ӨСК» АҚ қаржылық тұрақтылық рейтингін BBB- деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Ұлттық шкала бойынша Рейтинг жоғары деңгейде қалды, kzAAA.

Агенттік Компанияны қалай бағалайды

Агенттік Nomad Life капитализациясы мен кірістілігін күшті, өтімділікті өте күшті деп бағалайды. Меншікті капиталдың кірістілігі 2025 жылы 53% құрады.

2026 жылғы 1 шілдедегі S&P деректері бойынша Nomad Life Қазақстандағы өмірді сақтандыру бойынша ең ірі Компания болып қала береді. Оның нарықтағы үлесі сақтандыру сыйлықақылары бойынша 29% - (2022 жылы 23% -құрады) құрайды және сақтандыру резервтері бойынша 30% - құрайды.

Тұрақты болжам нені білдіреді

S & P алдағы 12-24 айда Компания агенттік моделі бойынша капиталдың жеткіліктілігін сақтайды және төлем қабілеттілігі маржасына реттеуші талаптарды орындайды деп күтеді. Болашақта рейтингтің жоғарылауы үшін агенттік Nomad Life-тен көшбасшылық пен кірістіліктің орташа салалық деңгейден жоғары болуын, сондай-ақ капиталдың өсуін күтеді.

Бұл клиенттер үшін нені білдіреді

Қаржылық тұрақтылық рейтингі сақтандырушының клиенттер алдындағы міндеттемелерін қаншалықты сенімді орындайтынын көрсетеді. Оның деңгейі өзгерген жоқ.

S&P Global Ratings-тен хатЖарияланған күні: 05.11.2026 10:15 · Соңғы өзгерту: 05.11.2026 10:15