Бірлескен зейнетақы аннуитеті – бұл зейнетақы аннуитеті шартын жасаған кезде ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) зейнетақы жинақтарын біріктіру және өмір бойы мерзімдік сақтандыру төлемдерін алу мүмкіншілігі. Егер бір жұбайының/жақын туысының* зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз, ал екіншісінде артығы болса, сіз бұл өнімді пайдалана аласыз.
* кім жақын туыс болып есептеле алады - «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес, жақын туыстар – ата-аналар, балалар, оның ішінде асырап алынғандар, сонымен қатар ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, оның ішінде бір ата-анасы ғана барлар және ата, әже, немерелер.
Зейнетақы жинақтары - 13 827 800 теңге
Құны - 10 035 813 теңге болып табылатын зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ақшалай қаражат жеткілікті.
Зейнетақы жинақтары - 9 520 800 теңге
Құны - 13 160 323 теңгеге тең зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ақшалай қаражат жеткіліксіз.

бірлескен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін ақшалай қаражат жеткілікті
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы кейінгі төлемдердің жыл сайынғы индекстеуін ескеріп, 35 596 теңге мөлшерде өмір бойылық ай сайынғы төлемдерді ала алады.





Бағдарлама I. Төлемдердің кепілді мерзімінсіз өмірбойлық шарт
Бағдарлама II. Төлемдердің кепілді мерзімімен өмірбойлық шарт.

Зейнетақы аннуитеті шартын БЖЗҚ-да зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті *жинақтары бар тұлғалар жасай алады::
Кейінге қалдырылған** зейнетақы аннуитеті шартын:
Дереу** зейнетақы ауннуитеті шартын:
* Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 45 Басқарма қаулысының және ҚР Әлеуметтік кодексінің талаптарына сәйкес есептелген зейнетақы аннуитеті шарты бойынша ең төменгі сақтандыру сыйлықақысы.
**Кейінге қалдырылған деп белгілі мерзімнен кейін өмір бойылық төлемдермен аннуитет аталады. Бұл мерзімге дейін сақтандыру компаниясы ақшаны инвестициялайды және осы салымдардан пайыздарды жинайды.
**Дереу деп сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейін бірден басталатын өмір бойылық төлемдермен аннуитет аталады.
| Кейінге қалдырылған аннуитет | Дереу аннуитет | ||||||
| МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | МКЗЖ болған кезде | МКЗЖ-сыз | ||||
| 40 жастан (Ерлер) | 7 762 351 | 45 жастан (Ерлер) |
9 144 348 |
50 жастан (Ерлер) | 8 519 087 | 55 жастан (Ерлер) | 10 035 813 |
| 40 жастан (Әйелдер) | 10 124 872 | 45 жастан (Әйелдер) |
11 449 580 |
50 жастан (Әйелдер) | 11 111 926 | 53 жастан (Әйелдер) | 13 160 323 |
САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 07.02.25 17:15 енгізілген
САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРIСоңғы өзгерту 30.10.25 18:11 енгізілген
ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТІ ШАРТТАРЫ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ ДИВИДЕНДТЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 12.09.25 12:41 енгізілген