Қолайсыз жағдайлардан қорғау арқылы, біз Сіздің капиталыңызды сақтаймыз және көбейтеміз.
Бірегей бағдарлама өзіне сақтандыру және банк өнімдерінің мүмкіншілігін сабақтастырады. Сіз белгілі мерзімге валютада кепілдендірілген жинақты аласыз, ал салымның бүткіл мерзімінде жер шарының барлық жерлерінде тәулік бойы сақтандыру қорғауы әрекет етеді.
Сонымен қатар, заңды артықшылықтарын ұмытпаңыз: салымдар декларацияланбайды және тәркілеуге жатпайды. Ұзақ мерзімді доллардағы жинақтар – қаржылық ауытқулардан және күтпеген жағдайлардан керемет қорғаныш!
Қазақстан Республикасының аумағындағы сақтандыру компанияларының қызметінің аудиті міндетті сипатқа ие. Аудитке кәсіби аудиторлық ұйым тартылады.
Сыртқы аудиторлық тексеріс нәтижелеріне қолжетімділікті қалай алуға болады? Олар сақтандыру компаниясының сайтында, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийіне тиесілі ресурс беттерінде жарияланады.
2012 ж. бастап 2024 ж. дейін сыртқы аудитті жүргізу бойынша кәсіби көмекке біз әлемдік алаңда өзін жоғары көрсеткен, халықаралық білікті сарапшыларға жүгіндік. 2024 ж. тексерісті «Grant Thornton» ЖШС жүргізді.
Компания инвестициялық қызметті ресми құжаттардың негізінде жүзеге асырады. Реттеуші орган – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі болып табылады.
ҚР ҰБ-ның 26.12.2016 ж. № 304 Басқарма қаулысы инвестициялық салымдарға рұқсат берілетін, рұқсат берілген қаржы құралдарын белгілейді. Құжатта сонымен қатар эмитенттердің және инвестициялық лимиттердің күтілетін рейтингілері көрсетілген. Пруденциялық нормативтер талаптарының орындалуын растау үшін біз ҚР ҰБ-ға есептер (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жыл сайын) береміз. Есептер сондай-ақ активтердің стресс-тестілеу нәтижелерін, инвестициялау лимиттерін сақтауды көрсетеді және қаржы құралдарының нарықтық бағасын айқындайды.
Біздің еліміздің аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын кез-келген сақтандыру компаниясына есептілікті беру бойынша белгіленген нормаларды сақтау маңызды. Берілген деректердің сәйкессіздігі немесе негізсіздігі санкциялар қолдану үшін және қызметті шектеу үшін себеп болуы мүмкін.
2025 жылғы 24 қазан - S&P Global Ratings "Nomad Life" ӨСК" АҚ рейтингін "позитивті" болжамымен BBB-ге көтеріп, компанияны Қазақстан Республикасының егеменді рейтингі (BBB-/Positive) деңгейіне шығарды.
Nomad Life елдегі егемендік деңгейіндегі рейтингі бар жалғыз жеке компания атанды. Ұлттық шкала бойынша Рейтинг kzAA + - дан kzAAA жоғары деңгейіне дейін көтерілді.
S & P Nomad Life капитализациясы мен кірістілігінің нығаюын атап өтті. Толық емес жыл ішінде компанияның капиталы 2024 жылдың соңында 47,4 млрд теңгеден (90 млн АҚШ доллары) 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 118,3 млрд теңгеге (216 млн АҚШ доллары) дейін өсті.
Nomad Life 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нарық үлесі 31,2% болатын сақтандыру сыйлықақыларын жинау бойынша Қазақстанның өмірін сақтандыру компаниялары арасында бірінші орынды иеленді.
Егер Nomad Life табысты өсу арқылы бәсекелестік позицияларды нығайтуды жалғастырса және капиталдың күшті қорларын сақтаса, позитивті болжам S&P алдағы екі жылда рейтингті жоғарылатуы мүмкін дегенді білдіреді.Қазақстанның егеменді рейтингі (BBB-/позитивті/ kzAAA) жоғарылаған кезде рейтингті одан әрі арттыруға болады.
Өмірді сақтандыру бойынша қызметтерді көрсететін компаниялардың қызметін, оның ішінде біздің қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен реттеледі. Пруденциялық нормативтерді қаржылық сектордың барлық қатысушылары орындауға міндетті. Нормалар Банк Басқармасының 26.12.2016 ж. №304 Қаулысында аталған.
Осы ережелерге сәйкес, келесі нормативтерді сақтау қажет.
Қызмет көрсеткіштерінің төмендеуіне байланысты жағдайлар үшін қосымша пруденциялық нормативтер қарастырылған (тұрақтандырушылық қор, күтпеген тәуекелдердің қоры).
ZOLOTO NOMADOV САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 01.09.25 10:30 енгізілген
ZOLOTO NOMADOV PLUS САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 01.09.25 10:30 енгізілген
ZOLOTO NOMADOV LIGHT САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Соңғы өзгерту 03.04.25 10:30 енгізілген
САҚТАНДЫРУ ТАРИФТЕРI Соңғы өзгерту 30.10.25 18:16 енгізілген