ДБ - ЖМ : 09:00 - 18:00
07 қыркүйек, 2026

Қаржы орталығы «Келешек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін бастапқы білім беру капиталын аударды. Nomad Life қаражатты Nomad Bolashaq шарттары бойынша балалардың шоттарына есептеді. Есептелген қаражаттың жалпы сомасы 21 млн ₸-ден асты.

Биыл 5 жасқа толған балалардың әрқайсысына 259 500 ₸ — 60 АЕК көлемінде қаражат есептелді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бұл сома 519 000 ₸ құрайды.

Бастапқы білім беру капиталы бір рет есептеледі. Бұдан әрі шарт бойынша белгіленген талаптар орындалған жағдайда жыл сайын 5% немесе 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі.

Қаражат баланың білім алу ақысын төлеуге арналған және оны Қазақстандағы немесе шетелдегі колледжге не жоғары оқу орнына түскен кезде пайдалануға болады.