
![]()
ESG Focus инвестициялық портфелінің бенчмаркі (базалық индексі) MSCI USA Extended ESG Focus Index индексі болып табылады.
| 3 жыл | 5 жыл | 10 жыл | |
| Кірістілік, % жылдық | 22,78 | 12,61 | 15,01 |
| Кірістілік, % жиналған | 85,10 | 81,07 | 305,02 |
Тарихи брутто табыстылық инвестициялау нәтижелерін талдау үшін ұсынылады, инвестициялар өсімі көрсеткіштерінің бірі болып табылады, кепілдендірілген болашақ табыстылық ретінде қарастыруға болмайды. Сақтандыру шартының әрекет етуі барысында қалыптасатын табыстылық қаржы нарығының конъюнктурасына, технологиялардың дамуына, ұсталған шығындар және басқа факторларға байланысты келеді. Активтерді инвестициялаумен байланысты тәуекелдерді клиент көтереді. «Nomad Life» ӨСК» АҚ белгілі бір инвестициялық портфель бойынша қандай да бір табыстылыққа кепілдік бере алмайды.
MSCI USA Extended ESG Focus Index индексі АҚШ қор нарығындағы компаниялардың кең ауқымын қамтитын MSCI USA индексінің негізінде құрылған. Индекс тәуекел деңгейі мен кірістілік көрсеткіштерін MSCI USA индексіне жақын деңгейде сақтай отырып, экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) салаларында жоғары көрсеткіштерге ие компанияларға инвестицияларды барынша арттыру мақсатында әзірленген.
Индекс экономиканың түрлі секторлары бойынша әртараптандырылған және әрбір сектордағы ESG рейтингі жоғары компанияларға бағытталған. Индекс құрамына темекі өнімдерін, даулы қару-жарақты, азаматтық мақсаттағы атыс қаруын өндірумен байланысты компаниялар, сондай-ақ энергетикалық көмір мен мұнайлы құмдар саласында қызмет жүргізетін компаниялар енгізілмейді. .
Инвестициялық декларацияСоңғы өзгерту 11.04.22 13:00 енгізілген